Бұл туралы Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр айтты.
20-22 қаңтар аралығында қалада «Автобус» шұғыл-тексеру іс-шарасы жүргізілуде. Тексеру барысында Шаймерденов көшесі бойымен жүретін осы автобус та нысанаға ілінді.Заң бойынша, жолаушылар тасымалдайтын автобусты D категориясы бар жүргізушілер ғана басқара алады.«Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның автобус жүргізуге тиісті категориядағы құжаты жоқ екені анықталды. Оған 20 АЕК (58340 теңге) айыппұл салынды», – деді Ұлан Әбілқайыр.