Prosports.kz-тің хабарлауынша, Токиода 2020 жылғы Олимпиаданың негізгі жарыстары өтетін стадион салтанатты түрде ашылды.
2016 жылдың желтоқсанында билік қолданыстағы стадионды қайта құруға шешім қабылдады және құрылысқа 157 миллиард жапон иенасын (шамамен 1,5 миллиард доллар) инвестициялады. Оның сыйымдылығы – 60 000 орын. Салтанатты рәсімде барабаншылар, бишілер мен музыканттар өнер көрсетті. Мерекелік шеру және лазерлік шоу болды. Ашылу салтанатына атақты спортшылар қатысты.