Сәбит Сыраханның өліміне қатысты сот процесі Алматыда өтеді

Сәбит Сыраханның өліміне қатысты сот процесі Алматыда өтеді

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Күдікті Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру – ред.) бойынша айыпталып жатыр. Айта кетейік, Сәбит Сыраханның (Bisen) қазасы туралы оның достары әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, төбелес туралы ақпарат полицияға былтыр 18 қазанда түнгі сағат 2-лер шамасында түскен. Куәгердің айтуынша, белгісіз ер адамдар аулада жанжалдасқан.  Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем ер адамның қайтыс болғанын анықтады.

Күдікті ретінде қаза тапқан жігіттің қызының 1991 жылы туған ағасын қамауға алған болатын.