Алименттен қашсаң, «Сергекке» ұсталасың

Алименттен қашсаң, «Сергекке» ұсталасың

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарғандардың көліктерін борышты өндіру үшін алып қоюға «Сергек» жүйесі көмектеседі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты.

«2021 жылы бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт бар. Біріншіден, республикалық па­ла­тамен бірлесе отырып, сот орындаушылардың ақпараттық жүйесін «Сергек» жүйесімен ық­палдастыруды жоспарлап отыр­мыз. Яғни, «Сергек» жүйесі ор­натылған қалаларда көлік құ­ралдарын табу оңай болады. Со­ның нәтижесінде алимент бойын­­­ша борышкерлерден кө­ліктерді алып қою арта түседі деп ойлаймыз», – деді вице-ми­нистр Zoom платформасында өткен баспасөз мәслихаты ба­рысында. Сонымен қатар ол өткен жы­­лы қабылданған заң аясында сот орындаушыларының жауап­кер­шілігі күшейтілгенін ай­тады. «Бұл жауапкершілік әлеу­меттік маңызы бар істер бойын­ша арта түсті. Яғни, сот орын­даушылары әлеуметтік маңызы бар істерді ілгерілетті және біз­­­бен қоян-қол­тық жұмыс іс­теп жатыр», – деді Алмат Ма­далиев. Бұған дейін Әділет министрі Марат Бекетаев борышкерден алиментті жылжымайтын мүлік немесе көлік есебінен өндіріп алу биыл да жалғасатынын айт­қанын хабарлаған едік. Жал­пы, 2020 жылы алимент төлеуден жал­тар­ғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндіріп алын­ған бо­латын.

Ж.АҚҚАЙЫР