«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін елімізде желдің екпіні күшейеді.
Қалың тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде боран соғады.
Қазақстанның басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді. Жауын-шашын көп жауады. Тек еліміздің солтүстік және шығысында әлі де жауын-шашын сақталған фронталды аймақта жатыр. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.