Армениядан әкелінген көлігі бар азаматтар екі мемлекетке салық төлейді

Армениядан әкелінген көлігі бар азаматтар екі мемлекетке салық төлейді

Бірақ екі елдің қайсысы көлік иелерін салықтан босататынын ресми шешкен жоқ.

Қазақстан тарапынан Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары Армения үкіметіне ұсыныс айтқан.

«Армения тарапына екі рет ұсыныс айттық. Бірақ олар әлі жауап бермеді. Бастапқыда келіссөз кезінде Армения премьер-министрі осы мәселені реттеуге ауызша келісім берген еді. Бірақ Әзірбайжанмен болған жанжал салдарынан іс ұзаққа созылып кетті. Қазір біз олар оң жауап береді деп күтіп отырмыз», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.

Мәселе әлі шешілмегендіктен, Қазақстанда армениялық нөмірмен көлік жүргізіп жүргендер екі елге де салық төлеуге міндетті. Армениядан әкелінген көліктерді Қазақстанда уақытша тіркеу былтыр 1 маусымда басталды.

Бұған дейін біз бірнеше рет Армениядан әкелінген көліктер мәселесін жазған болатынбыз.