«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов акцияларды «Астана» Халықаралық Қаржы орталығымен орналастыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл туралы ол АХҚО-ға бару және орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесу барысында мәлімдеді.
Қор басшысы 2020 жылға арналған басты бірлескен міндет жекешелендіру бағдарламасы аясында ірі портфельдік компаниясын - «Эйр Астана» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Казахтелеком» АҚ IPO/SPO-ға шығару болып табылатынын атап өтті. Осы міндет шешілгеннен кейін Қорды жекешелендіру бағдарламасында 2023 жылға жоспарланып отырған «ҚТЖ» ұлттық тасымалдаушысының IPO-ға шығуы туралы тармақ қана қалады.
Ахметжан Есімов қазақстандық трейдерлер үшін перспективаны ашатын отандық қаржы алаңының үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.
«Өткен жылы «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын орналастыру кезінде сатылған акциялардың 85%-ы Лондон биржасында, 15%-ы АХҚО биржасында орналастырылды. Осы жылы акциялардың жартысынан астамы АХҚО-да сәтті орналастырылды»,- деді Ахметжан Есімов.
Орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов «Самұрық-Қазынамен» ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді:«Самұрық-Қазына» мен АХҚО серіктестігі қаржы орталығы құрылған сәттен бастап тұрақты сипатқа ие. AIX алаңында қазірдің өзінде «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының табысты орналастырылуы өткізілді. Бұл Қорға акционерлік капиталды тартуға да, биржаның мүмкіндіктерін көрсету тұрғысынан да көмектесті. 2020 жылы біз «Самұрық-Қазынамен» АХҚО-ның өзара бағалы қағаздар шығару тұрғысынан да, орталықтың юристикциясымен өзара іс-қимыл тұрғысынан да жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз».