Жастар қанатында – жаңа орынбасар

Жастар қанатында – жаңа орынбасар

«Jas Оtan» Жастар қа­наты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді «Jas Оtan» Жастар қанаты төрағасының орын­басары қызметін ат­қа­рады.

Жасотандықтардың жаңа төрағасы мен орынбасарын партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнебайланыс арқылы өткен «Nur Otan» партиясы жанын­дағы «Jas Оtan» Жастар қанаты орталық кеңесінің отырысында таныстырды. Асылжан Бүркіталин 1993 жылы Хромтау ауданында дү­ниеге келген. 2010 жылы Бөгет­сай ауылындағы орта мектебін үздік аяқтап, 2014 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтындағы оқуын қызыл дипломмен бітірген. 2012 жылдан бастап №8 орта мектебінде және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде мұғалім болып қыз­мет атқарды. 2014-2015 жыл­дары жергілікті «Қазақстан Ақтөбе» және «Нұр» телеар­наларында тілші болды. 2016 жылдан бері  «Jas Otan» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық фи­лиалы төрағасы қызметін ат­қарды. Осы кезге дейін пар­тия­ның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қам­тылған отбасыларға көмек ұйым­­дастырды. Әсіресе, ко­рона­вирус пандемиясына қар­сы күресте шынайы жанқияр жанашырлығымен еңбек етті.

Әбілмансұр ЖАСАН