Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, жиын онлайн форматта өтеді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған еді.Экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және басқа да өзекті мәселелерді талқылаған болатын.