Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық футбол құрамасының қақпашысы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды. «Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Игита Futsal Planet нұсқасы бойынша бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанып отыр. Бүгін бүкіләлемдік Futsalplanet.com ресми сайтында футзалдағы жеке марапаттардың дауыс беру нәтижелері жарияланды. Бұған дейін «Қайрат» қақпашысы Игита төрт рет (2015, 2016, 2018 және 2019) үздік қақпашы болған. Дауыс беру бойынша: 1. Игита (Қазақстан) — 603 ұпай; 2. Гуитта (Бразилия) — 561 3. Хесус Эррера (Испания); — 409.