Ипотекалық ұйымның аты өзгергенмен, заты өзгерген жоқ

Ипотекалық ұйымның аты өзгергенмен, заты өзгерген жоқ

Ұйым атауы биыл 26 қаңтарда ресми қайта тіркелді.

Мұндай шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты үш компания – «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстанның тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктіру арқылы өзгертілді.

Біріккен компания Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмысын жалғастырады:

– ипотекалық қарыздар беру; – кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру; – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс салушыларға кредит беру; – жеке құрылыс салушылардың кредиттерін және ипотекалық қарыздарды субсидиялау; – тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру; – тұрғын үй құрылысының аяқталуына кепілдік беру.

Бұған дейін біз бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы ресми түрде Отбасы банк болып өзгергенін жазған болатынбыз.