«Ақорданың» хабарлауынша, «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы заң қабылданды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.