Қартайғанда далада қалған әже полицейдің үйін паналап жүр

Қартайғанда далада қалған әже полицейдің үйін паналап жүр

Үйіндегі ұрыс-керістен қажыған әже далада қалған. Бұл туралы inbusiness.kz жазды.

Ақтөбеде 42 жастағы полицей Дастан Сұлтанғазиев далада қалған әжейді үйіне кіргізіп алды. Өзі бес баласымен бір бөлмелі үйде тұрады.

Фото: inbusiness.kz

Сексен жастағы Людмила Шевченко өз үйінен келіні мен немересі жанжалдаса берген соң кетіп қалған. Оны бірнеше рет учаскелік полицейлер тауып алып, пәтеріне жеткізген. Кейуананың жеке баспанасы жоқ. Оның пәтерін екі немересінің бірі бизнеспен айналыспақ болып, сатып жіберген.

Полицей Дастан Сұлтанғазиев құқық қорғау органдарында 18 жылдан бері жұмыс істейді. Қарт әжейге қамқорлығын ерлік деп санамайды.