Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.
Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті» бағытындағы тасжол, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен — Шемонайха — РФ шекарасы», сонымен қатар Павлодар облысындағы «Қызылорда — Павлодар» тасжолдары жабық.