Діни ағымның жетегінде кеткендер есірткімен ұсталды – видео

Діни ағымның жетегінде кеткендер есірткімен ұсталды – видео

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі ресми хабарлады.

«13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, ұсталған азаматтар – деструктивті діни ағым ұстанушылары.   https://youtu.be/ZYg9w5gIfSI

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу басталды.