Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбі күні, 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейді, - деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

"Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген хабарламада.