Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі Ashyq қосымшасын әзірледі. Аталған министрліктер бұл қосымшаның «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин кезеңінде қызметі шектелген spa-орталықтар, фитнес орталықтар мен кинотеатрларда пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізіп жатыр.
Енді осы орындарға барғандар арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді. Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаторлық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі. Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеу жоқ. Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеу жоғын білдіреді. Қосымшаның деректер қорында пайдаланушы COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген. Аталған мәртебені көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкер келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады. Ashyq мобильді қосымшасы App Store және Play Market-те қолжетімді.