Алматыда үлкен бокс кеші өтеді

Алматыда үлкен бокс кеші өтеді

27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев пен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады, деп хабарлады prosports.kz. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) ұлыбританиялық Стивен Уордпен қолғап түйістіреді. Ал Жәнібектің қарсыласы әзірге белгісіз. Бұдан бөлек, дәл осы күні MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы атынан кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсететін Абай Төлеш, Талғат Шайкен, Әли Балоев, Нұрдос Төлебай, Нұртас Әжбенов, MTK Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпаздары Торғынбек Әміров пен Нұрбол Сұлтанбай жекпе-жекке шығады.