Павлодар облысындағы 2 ауданда карантин күшейтілді

Павлодар облысындағы 2 ауданда карантин күшейтілді

Павлодар облысының Май және Ертіс аудандарында жаңа карантин шектеуі енгізілді. Ертіс ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша,  ұйымдар мен кәсіпорындар сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Аудандағы 10 мектеп, қосымша білім беру мекемелері қашықтан оқиды. Балабақша жұмысын тоқтатты. Көлік қозғалысы шектелді. Монша, сауна, діни және спорттық нысандар екі аптаға жабылады. Май ауданы Көктөбе және Кеңтүбек ауылдарында санитарлық бекеттер қойылады. Жаңа шектеу 29 қаңтар сағат 00.00 мен 12 ақпан сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.