Ақмолада сотталушы бес жылдан бері хабарсыз кеткен ата-анасымен бейнебайланысқа шықты.
Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жазасын өтеп жатқан Константин ата-анасын табу үшін колония қызметкерлеріне өтініш білдіріпті. Жедел іздестіру нәтижесінде, тәртіп сақшылары сотталушының әке-шешесі де ауыр қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқанын анықтаған.Константиннің жазасын өтеп, бостандыққа шығуына аз уақыт қалды. Кішкентай қарындасының күтіп жатқанын айтқан ата-ана барлық режимді сақтап үйге тезірек оралуын өтінді. Кездесу соңында отбасы мүшелерінің үшеуі де ҚАЖ қызметкерлеріне кездесуге мүмкіндік бергеніне алғысын білдірді.«Алдын ала келісіммен заң талабын бұзғаны үшін жазасын өтеп жатқан ата-ана мен баласы бейнебайланыс арқылы жүздесті. Онлайн кездесу арқылы бала ата-анасымен «қауышты». Баласына ата-анасы өз тағдырын қайталамауын өтінді», – дейді Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы