Әрбір азамат ұлттық байлықтың бір бөлігін алатындай жағдай жасау керек – Тоқаев

Әрбір азамат ұлттық байлықтың бір бөлігін алатындай жағдай жасау керек – Тоқаев

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық IPO-сын дамыту мәселесін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Халық ІРО-сы» бағдарламасын жаңғырту керек. Акциялар ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарына сатылуы тиіс. Біздің елдің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін ала алатындай жағдай жасау керек», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ  Үкіметке жекешелендіруге қатысты мониторинг жүргізуді тапсырды. Жоспарды орындауда жекешелендірудің жеке монополиялардың пайда болуына, соның салдарынан қоғамда наразылықтың өршуіне жол беруге болмайтынын атап өтті.