Құрылыс компаниясы құрылысқа арналған жер телімінің заңсыз сатылғаны туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Еліміздің ірі мегаполисінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында, әл-Фараби даңғылынан солтүстікке және Есентай өзенінен батысқа қарай орналасқан, жалпы ауданы 0,7168 гектар (кадастрлық нөмірі 20-313-009-029) жер телімінің иесі – «Atlas Development» ЖШС болып отыр. Оның осы жер теліміне меншік құқығы 2017 жылғы 9 қарашадағы сату-сатып алу келісімімен бекітілген. Жердің нысаналы мақсаты ретінде «жерасты автотұрағы бар көп қабатты бизнес орталық құрылысы» көрсетілген. Жер кадастрының мәліметіне сәйкес, жер учаскесі 2007 жылғы 7 қазанға дейін мемлекеттік жер қорында болды. Содан кейін оған деген меншік құқығы әртүрлі заңды тұлғалар атына тіркелді. Оның арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоқ. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімінің бір бөлігі үшінші тұлғалардың меншігіне беріліп кеткені» туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың «Atlas Development» ЖШС иелігіндегі жер теліміне еш қатысы жоқ. Тиісінше, Алматы қаласы әкімдігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігінің қатысуымен, жерге меншік құқығының заңсыз рәсімделгені жөніндегі жекелеген тұлғалардың байламы – негізсіз. Жобаны жүзеге асыру аясында «Atlas Development» ЖШС басшылығы BREEAM (BRE Environmental Assessment Method) стандартына сай келетін, А сыныпты, көп қабатты заманауи бизнес орталық салу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта әлемдік жетекші компаниялар жұмылдырылды. Бұлар: – AHR (Aedas), Ұлыбритания – бизнес орталықтың концепциясын және эскиздік жобасын әзірлеуге; – Bureau Veritas, Франция; KVL, Германия – технологиялық және қаржылық қадағалау қызметтерін көрсетуге. Жобаны техникалық, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан жетілдіру және оңтайландыру бойынша практикалық шешімдер ұсынуға; – Cusman&Wakefield, АҚШ – нарықты талдауға, бизнес орталықтың сәулет-архитектуралық концепциясын талдауға. Кеңес-консультациялық қызметтер, техникалық тапсырма әзірлеуге, BREEAM халықаралық стандарттарына сәйкес, нысанды сертификаттау бойынша тапсырыс берушіні сүйемелдеуге; – Bilfinger, Германия – жобаның аудиті, бизнес орталықты эксплуатациялауға қатысты кеңес-консультациялық қызметтер.