Ұрлығын жасыру үшін 4 көлікті өртеп жіберген

Ұрлығын жасыру үшін 4 көлікті өртеп жіберген

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны ұрлығын жасыру үшін 4 көлікті өртеп жіберген. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда түнгі сағат 03:40 шамасында «102» жедел арнасына автокөліктердің өртенгені туралы хабар түсті. Бірден оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанып, күдіктілерді іздеуге кіріскен. «Анықталғандай, оның ішінде басқа адамдардың құжаттары, көлік айналары, флэш-карталар және магнитофондар болған. Ер адам мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады ведомство. Тергеу барысында 24 жастағы риддерліктің үйлердің аулаларында тұрған автокөліктерден ұрлық жасағаны, қылмысы әшкере болмас үшін 4 көлікті өртеп жібергені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша көлік иелеріне келтірілген шығын мөлшері – 4 миллион теңгеден асуы ықтимал.