Құқықтық көмек алды

Құқықтық көмек алды

«Nur Otan» партиясы жанын­дағы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рес­публикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобының жетекшісі Талғат Нәрікбаев партияның Ақтөбе облыстық филиалы ғи­ма­ратында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл мәсе­лелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметінің инспекторы Сәкен Естай, Ақтөбе облыстық құқық қорғау органдары мен кәсіп­керлер палатасының өкілдері қатыс­ты. Жиында тұрғындар өздерін тол­ғандырған мәселелерін ортаға салды. Сұрақтар негізінен бюро­кра­тиялық кедергілерге байланысты болды. Мәселен, ақтөбелік Ақгүл Данабаева сот орындаушысы ав­то­көлік ұрлау ісі бойынша сот ше­шімін әлі орындамай отырғанын айтты. – Мәселелерді шешуге септігін тигізгені үшін «Nur Otan» партиясына алғыс білдіремін. Өйткені партиялық бақылаудың арқасында ғана құқық қорғау органдары көлік ұрлау ісіне тез тергеу жүргізді. Өзім көпбалалы анамын, бес баланы тәрбиелеп отыр­мын. Көлік қосымша табыс құралы болды. Күйеуім жеке тасымалмен айналысты. Партия менің өтінішімді тағы да жерге тастамайды деп үміт­тенемін, – деді Ақгүл Данабаева. Әділет департаментінің өкілі бұл мәселені жеке бақылауына алды, маман оның шешілу барысы туралы «Nur Otan» партиясының филиалына және орталық аппаратына хабар­лайтын болады.

Әбілмансұр ЖАСАН