Недовесов турнирдің жартылай финалына шықты

Недовесов турнирдің жартылай финалына шықты

Отандасымыз Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Аталған  жұп ширек финалда колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомеспен сынға түскен. Нәтижесінде, осы теннис турнирінің 2-ракеткасы А.Недовесов – Д.Молчанов жұбы қарсыластарынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Анталия челленджер турнирінің  жүлде қоры – 44 820 АҚШ доллары. Недовесов –Молчанов жұбының жартылай финалдағы қарсыластары әзірге белгісіз. Олар  не филиппин Трет Хьюи – нидерландтық Сэм Вербик немесе фин Харри Хелиоваара – чехиялық Зденек Колар жұптарының бірімен қарсылас атанады.

              А.ЖОЛДАС