Ұшаққа біреудің сәлемдемесін алмаңыз

Ұшаққа біреудің сәлемдемесін алмаңыз

Әуежайда сәлемдемелерді заң­сыз та­сымал­дау жолаушылардың өмірі мен ден­саулығына, ұшу қауіп­сіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Air Astana әуекомпаниясы, Алматы халықаралық әуежайы және Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы соңғы кезде жолаушылар арқылы сәлемдемелерді жіберумен айналысатын адамдардың қызметі белсенді болып кеткені туралы хабарлайды. Осыған орай, жолаушылардан әуе­жай­ларда бейтаныс адамдардан сәлемдемелерді қабылдамауды сұраймыз. Өйткені бұл жо­лау­шылардың өміріне және денсаулығына, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтимал. Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайында бөгде кісілер сәлемдемелерді тасымалдаудан пайда табуды ұсынады. Мұндай сәлем­демелер әдетте жақсы жапсырылған және ішіндегісін тексеру мүмкін емес. Мұндай жағдайды лаңкестік ұйымдар пайдалануы мүмкін. Бөгде адамдардың құжаттар мен жол­жүкті жөнелту бойынша қызмет заңсыз болып есептеледі, себебі мұнда ӘҚБК 463-бабы бойынша әкімшілік құқық­бұзушылықтың белгілері байқалады, яғни тіркеусіз/рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айна­лысу. Сондай-ақ «Қазақстан Респуб­лика­сы­ның әуе­кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР заңының 105-бабына cәйкес азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекетінің бірі қылмыстық мақ­сат­тарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыны немесе материалды ұшақ бортында немесе әуежайда орналастыру. Жолаушылардан қырағы болуды сұрай­мыз және тасымалданатын сәлемдеме үшін олар өздері жауап беретінін ескеру керек және сол сәлемдемелерде тасымалдауға тыйым салынған заттар, қадалғыш, тілгіші, жарылғыш және басқа да заттар болуы мүмкін. Сәлемдемелерді Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Ресей бойынша қауіпсіз тасымалдау үшін әуежайларда орналасқан әуекомпания кеңселерінде жедел-пошта қызметін пайдаланыңыздар. Тасымалдауға қабылданатын заттар: – 3 келіге дейін дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар; – 5 келіге дейін автобөлшектер; – 5 келіге дейін киім, аяқкиім және тыйым салын­баған өзге заттар; – 3 келіге дейін жазбаша коррес­понденция және сәлемдемелер; – құжаттар. Толығырақ https://airastana.com/kaz/kk-kz/Qyzmetterimiz/Juk-tasymaly/Jedel-poshta-qyzmeti