Мексика билігі соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмған 1495 оқиғаны тіркеді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша елде індеттің таралуы өткен аптамен салыстырғанда 4%-ке қысқарған. Мамандардың болжамы бойынша соңғы 14 күнде 110 783 адам коронавирус жұқтырған. 1 403 064 науқас емделіп шыққан.