Ақтау маңынан иттердің өлексесі үйілген шұңқыр табылды

Ақтау маңынан иттердің өлексесі үйілген шұңқыр табылды

Ақтаулық эколог Кирилл Осин Ақшұқыр ауылында үй жануарларының бей-берекет көмілгенін анықтады. Ол бұл жағдай туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Lada.kz-ке мәлімдеуінше, «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл жерді 29 қаңтарда тапқан. Эко-активист 2011 жылы БАҚ-та Ақтауда Қазақстандағы жануарларға арналған алғашқы крематорийдің пайда болғаны туралы мәлімдеген еді.

«Он жыл бұрын крематорий қойылды, бірақ іс жүзінде ештеңе жоқ па? Крематорий және жануарлар қорымы жоқ па? Осы уақыт ішінде далада, елді мекендерге жақын жерде қаншама импровизацияланған және стихиялық жерлеу орындары бар?», - дейді Осин.

Оның пікірінше, жануарлардың мәйітін уәкілетті органның немесе ұйымның кәдеге жарату процесін ұйымдастыру тұрғысынан да, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан да бұл әрекет – заңсыз. Ал бұл оқиғаға Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі былай дейді:

«Орналастырылған фотосуреттерден қаңғыбас иттердің өлексесі төгілген жер – Ақшұқыр ауылындағы «Қошқар Ата» аумағында орналасқанын байқауға болады. Бұл талаптарға сәйкес келмейді. Иттердің өлексесі өртеліп, жойылады, ал кінәлілер жазаланады. Сонымен қатар Сайын және Ақшұқыр ауылдары маңында биотермалдық қазандықтың құрылысы аяқталған. Онда қаңғыбас иттердің өлексесін жою жоспарлануда. Алдағы уақытта Ақшұқыр ауылы мен 43 шақырым арасындағы аумақ толығымен пайдалануға беріледі».