Алматыға «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

Алматыға «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

Вакцина Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға да жеткізіліп, препараттың партиясы қоймаларға, оның ішінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына жіберілді.

Бүгін таңертең вакцина қаланың сегіз ауданындағы ауруханаларға бөлінеді. Салқындатылған жүк көлігіндегі препарат, хаттамада көрсетілген тасымалдау шараларын сақтай отырып -18 С температураға төзетін мұз пакеттері бар контейнерлерде №7 қалалық клиникалық аурухананың қоймасына жеткізілді. Вакциналар вакцинация аясында белгіленген медициналық ұйымдар арасында бөлінді.   Алматыда вакцинация пункттерінің дайындығы тексеріліп, профилактикалық егулердің стандартты жұмыс тәртібі бекітілді. Иммундау курсынан Алматы ҚДБ 144 медициналық маманы өтуде. Иммундау жүргізілетін әрбір емханада салқындату жабдықтары бар жеке вакциналық кабинеттер бар. Онда дәрігер, мейірбике-вакцинатор және мейірбике-тіркеуші мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеке бөлме қарастырылған, онда вакцина алғандар 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады. Бірінші кезеңде, ақпан айында инфекциялық ауруханалардың, жедел жәрдемнің, санитарлық эпидемиологиялық қызметтің, жан сақтау бөлімінің қызметкерлері вакциналанады.