Қазақстан әуе компаниялары рейстері тоқтатылған Bek Air жолаушыларын тегін тасымалдайды.
SCAT Bek Air компаниясының жолаушыларын 28-31 желтоқсан аралығында қабылдау-тапсыру актісі бойынша тегін қабылдайтынын хабарлайды. Бұл үшін ұшақ бортында бос орындар болуы керек.
"Тасымалдауды жүзеге асыру үшін Bek Air авиакомпаниясының өкілдеріне жүгіну қажет екеніне баса назар аударамыз", - делінген SCAT хабарламасында.
QAZAQ AIR әуекомпаниясы да 31 желтоқсанға дейін кейінге қалдырылған рейстердің жолаушыларын қабылдауға дайын.
«Билеттерді QAZAQ AIR рейстеріне Bek Air бастапқы билетінің құнынан аспайтын құны бойынша сатып алуға болады», - деп хабарлады компания.
Air Astana компаниялар тобы ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушылардың жақын туыстары тегін ұшу құқығына ие болатынын мәлімдеді. 28 желтоқсанда таңертең әуетасымалдаушы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер ұйымдастырды.
Кол-орталықтардың телефоны:
- "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ: +77172613187;
- "Эйр Астана "әуекомпаниясы": +77172584477, +77272444477, +77027024477;
- SCAT әуекомпаниясы: +77252998880 (ішкі 277, 278);
- Qazaq Air әуекомпаниясы: +77273561414;
- Бек Эйр Әуекомпаниясы: + 77273545000, + 77017334576.
Бұған дейін хабарланғандай, 27-31 желтоқсан аралығында Bek Air авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр - Сұлтан - Атырау, Атырау-Шымкент, Шымкент-Нұр - Сұлтан, Нұр - Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар-Алматы, Ақтау – Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Алматы, Шымкент-Ақтау бағытындағы рейстер тоқтатылды. Бұл рейстерге 9157 билет сатылған