Қаражаттың қайда жұмсалғаны ашық көрсетіледі.
"Жаңа Алатау" қоғамдық қоры 2019 жылы 27 желтоқсанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету туралы көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласында қаражат жинауды бастағаны туралы хабарлады.
Қорға түскен қаражат Алматы қаласында тұратын қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына жіберілетін болады.
Қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Қаражат жіберуге арналған реквизиттер:
Қордың атауы: "Жаңа Алатау" қоғамдық қоры»
Қордың БСН: 080740011034
Қор шоты: KZ826010131000165601
Банктің БСК: HSBKKZKX "Қазақстан Халық Банкі" АҚ»
КБЕ 18 ТТК 119
"Жаңа Алатау" қоғамдық қоры Төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде азаматтарға жәрдемдесу және азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Қор Алматы қаласындағы ТЖ салдарын жою үшін қаражат жинауды ұйымдастыруда, атап айтқанда, 2011 жылғы дауыл, 2015 жылы Наурызбай ауданындағы сел, 2012 жылғы Медеу шатқалындағы өрт, сондай-ақ 2019 жылы Арыс қаласындағы ТЖ-да жұмыс тәжірибесі бар.