Бұл туралы әуе компаниясы хабарлап отыр.
Қазақстандықтар өздерінің бұрын сатып алынған билеттерін ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына беруде.
«Екі күн ішінде ұшақ апатынан зардап шеккендердің 33 отбасы мүшесі Алматыға жеткізілді. Коммерциялық жолаушылардан зардап шеккендердің туыстарына орын беруін өтіндік. Өз орнын қайғылы отбасыларға беріп үлкен адамгершілік танытқан жандарға айтар алғысымыз шексіз. Бәріміздің Жаңа жылға арналған жоспарларымыз, отбасымыз бар екенін түсінеміз. Бірақ, кей адамдар нағыз азаматтық танытуда. Бүгін 11 баланың анасы Алматыға жөнелтілді. Оның бір баласы әуе апатында зардап шеккен. Әйел барлық он баласымен ұшып кетуді сұрады. Оларды отбасымен толық алып кеттік", - деді Air Astana әуекомпаниясының кірісті басқару жөніндегі директоры Ерболат Байсықов.