Оралда әуе апаты құрбандарын еске алды (фото)

Оралда әуе апаты құрбандарын еске алды (фото)

. Қала тұрғындары өздерімен бірге гүл мен шам ала келген.

Бүгін Абай алаңында қала әкімдігі жанындағы азаматтық белсенділер Алматы маңында болған әуе апатының құрбандарын еске алды. Көңіл айтуды білдіргісі келетіндер алаңға 12 00 жиналды. Еске алу акциясына шамамен он адам келген. Олардың айтуынша, алаңға келу әрбір адамның жеке шешімі болды. Қала тұрғындары өздерімен бірге гүл мен шам ала келген. Алаңға жиылғандар қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты.

Қалалық әкімдік ғимаратының жанында алдына гүлдер қойылған баннер орнатылыпты. Еске алу акциясы басталмай тұрып азаматтық белсенділерге өздерін волонтерміз деп таныстырған үш адам келіп, гүлдерді орнатылған баннердің алдына қоюды өтінген. Белсенділер бас тартқан соң олар алаңнан кетеді.