Алматыда құлаған ұшақ жолаушыларының жолжүгін туыстары қай жерде алатыны белгілі болды

Алматыда құлаған ұшақ жолаушыларының жолжүгін туыстары қай жерде алатыны белгілі болды

Бұл туралы министрлік мәлімдеді.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының туыстарына хабарлама жасады.

"Bek Air авиакомпаниясының 2100 рейс жолаушыларының туыстары жолжүгін алу үшін Алматы, Майлин көшесі, 12 мекен-жайы бойынша желілік полиция бөліміне хабарласа алады.: 8(727) 270 34 54, 270 31 02", – деп хабарлады мекеме.