Алмаз Шарман коронавирусқа қарсы вакцина туралы пікір білдірді

Алмаз Шарман коронавирусқа қарсы вакцина туралы пікір білдірді

Оның болжамынша, пандемия биыл аяқталуы мүмкін. Коронавирустың таралуын азайтуға вакцина септігін тигізуі ықтимал.

«Коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі – тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ықпал етеді. Бұл нәтижелердің барлығы мамандардың болжамынан да жақсы көрсеткішке жеткізді. Демек, ғалымдар COVID-19-ды жеңуге бір қадам жақындады», – деді Алмаз Шарман.

Профессордың айтуынша, вакцина адамзатты коронавирустан қорғауға  көмектеседі. Алайда, ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны белгісіз. Адамның иммунитеті ауруға қанша уақыт төтеп беретіні де беймәлім, – деп жазады «Қазақпарат».

Кеше Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталды. Президент вакцинацияға кеткен шығынды мемлекет төлейтінін айтты.