Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
Министрдің айтуынша, банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызметіне ақы төлеу жойылады.Енді жеке кәсіпкерлікті тіркеу немесе жабуды оңайлату, салық есебін тапсыру бұрынғыдан оңай болады. Банк комиссиясы мен фискалдық деректер операторларының қызметіне ақы төлеу алынып тасталады.«Пилоттық жоба қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ жеке тұлғалар үшін мүлік пен жерге салынатын салық біріктірілді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды. Жеке тұлғалардың меншігіне салық төлеу ыңғайлы болу үшін E-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы іске қосылды. POS-терминал мен онлайн-бақылау кассалық машинасын қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін ұсынудан босату бөлігінде E-Salyq-business қосымшасы әзірленіп жатыр», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін көлік салығына қатысты өзгерістерді хабарлаған болатынбыз.