Тараз қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов көпбалалы аналарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келгендердің дені әлеуметтік көмек алу, бизнесті қолдау мәселелерін көтерді. Өз кезегінде Дауыл Ынтықбайұлы кездесуде көтерілген мәселелердің тиісті заңнама шеңберінде шешілетінін айтып, партия құзыреті шеңберінде олардың нәтижесі басты назарда болатынын жеткізді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары орталықтың жұмысымен танысып, ондағы қызмет көрсетушілермен пікір алмасты. Өткен жылдың басында облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ашылған орталықта күні бүгінге дейін 4 бағыт бойынша 15 мыңнан астам отбасыға қызмет көрсетілген. Мәселелердің дені орталықта қабылдау жүргізілген түрлі деңгейдегі бірінші басшылардың назарына ұсынылған.Әбілмансұр ЖАСАН