Партиялық бақылау комиссиясы бас қосты

Партиялық бақылау комиссиясы бас қосты

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының төрағасы И.Сағын­­баев және орынбасары Ғ.Құрманға­лиев, партиялық ба­қылау комиссия­сының инспекторы А.Хибасов және комиссия мүшелері А.Сүгірбай, Н.Тілепов, Л.Меңдіға­лиева, Т.Болат­баева қатысты. Күн тәртібінде пар­тияның аймақтық, аумақтық фи­лиал­дарының 2020 жыл ішінде аза­маттардың өті­ніштерін қарау, қо­ғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмысы және мүге­дектерге арналған медициналық, техникалық, гигие­налық өнімдерге бөлінген қаражат­тың игерілуі қа­ралды. Жиында Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының басшысы Ш.Дүйсенов баяндама жасады. Ол әлеуметтік қызметтер порталы бойынша 2020 жылы 1 652 мүмкіндігі шектеулі жандар 24 түрлі техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілгенін айтты. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу арқылы 2020 жылы сур­дотех­никалық құралдармен – 336, тифлотехникалық құралдармен – 897, протездік-ортопедиялық көмек­пен – 2 418, арнаулы жүріп-тұру құ­рал­дарымен – 560 және шипажайға емделумен 574 адам қамтама­сыз етілгенін атап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2020 жылы қоғамдық қа­былдау бөліміне тұрғындар тара­пы­нан 6,2 мың өтініш түсіп, оның 60%-ы оң шешімін тапқан. Қалған 39 па­йы­зына түсініктеме беріліп, 1 пайызы қаралу үстінде. Аталған мәселелерді партиялық бақылау комиссиясы толықтай қарап шығып, жұмысты жүйелендіру бойынша ұсыныстар берді.

Әбілмансұр ЖАСАН