Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен және Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңажылдық құттықтауын жеткізді.
Көшбасшылар тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңызын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты жоспарын белгіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективасын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз бен өзбек халқына және достас армян халқына бақ-береке тіледі.