1 млрд теңгенің темір кені Қытайға заңсыз сатылып кеткен

1 млрд теңгенің темір кені Қытайға заңсыз сатылып кеткен

Деректі Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері анықтаған.

Агенттіктің ақпаратынша, 2021 жылы қаңтар айында Қарағанды облысында рұқсат беретін құжаттарсыз темір кенін өндіру фактісі анықталған. 2016-2017 жылдары коммерциялық кәсіпорындардың бірі еншілес компания арқылы 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, Қытайға сатқан болып шықты. Осы заңсыз қызметтен түскен жалпы кіріс 1,1 млрд теңгеден асқан.

«ҚР қаржы мониторингі агенттігі аталған факті бойынша ҚР ҚК 214 бабы, 2 бөлігімен (Заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу бастады», – дейді ведомство.