Багажға артық ақша төлемеу үшін қытайлық төрт жігіт жарты сағатта 30 келі апельсинді жеп қойған

Багажға артық ақша төлемеу үшін қытайлық төрт жігіт жарты сағатта 30 келі апельсинді жеп қойған

Қытайда үнемшіл төрт жігіт жарты сағатта 30 келі апельсинді жеп қойған. Олар мұндай қадамға багажға артық ақша төлемеу үшін барған деп жазады Global Times.

Белгілі болғандай, Ван есімді Қытай тұрғыны және оның үш досы Куньмин қаласындағы жұмыс сапарынан қайтып келе жатқан. Әуежайға барар жолда олар бір қорап апельсин сатып алған. Өкінішке қарай, оны ұшаққа алып кіре алмаған. Өйткені әуежай қызметкерлері саяхатшыларға апельсиннің әр келісі үшін 10 юань төлеуі керегін айтқан. Содан олар артық төлем жасамаудың жолын тапты.

– Біз сол жерде бәрін жеп қойдық. Бұған шамамен 20-30 минут уақытымыз кетті, – дейді Ванг.

Артынан  ұшаққа отырған жігіттер жасаған ісіне өкіншін білдірді. Себебі, содан кейін олар өздерін нашар сезініп, ауыздарында жара қаптап кеткен.