Қырғыз елінің жаңа премьері туған бауырын жұмыстан шығарды

Қырғыз елінің жаңа премьері туған бауырын жұмыстан шығарды

Қырғыз Республикасының жаңа премьер-министрі Ұлықбек Марипов бауыры Бақытбек Мариповты Ноокат ауданының (Ош облысы) әкімі қызметінен босатты.

Бұл – елдің жаңа премьер-министрі Ұлықбек Мариповтың мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылдаған алғашқы шешімдерінің бірі. Бақытбек пен Ұлықбек Мариповтар – туған бауырлар. Қырғызстанның жергілікті өзін-өзі басқару органдары биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі және тікелей премьер-министрге бағынады.

3 ақпанда Жогорку Кенеш депутаттары (парламенттің) премьер-министр қызметіне 41 жастағы Ұлықбек Мариповтың кандидатурасын мақұлдаған еді. Бұған дейін ол Қырғызстанның қаржы министрлігінде, президент аппаратында, Төтенше жағдайлар министрлігінде, үкімет аппаратында түрлі лауазым атқарған. Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болған.