Республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі жабылды

Республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ ақпаратына сәйкес, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты бүгін, сағат 19.30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы келесі автожол учаскелерінде жабылды: - «Жезқазған - Петропавл» (24-252 км, Сатбаев қаласы - Қостанай облысының шекарасы); - «Қызылорда - Павлодар» (433-750 км, Жезқазған қаласы - Атасу кенті - «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті - Нұр-Сұлтан қаласы); - «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Сурган кенті); - «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).