Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысының автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, көктайғақ пен жаяу бұрқасынға байланысты 7 ақпан, сағат 00.07-ден бастап көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы жолдар қозғалыс үшін жабылды», – делінген Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.