Египеттің Жерорта теңізі жағалауында ежелгі Тапосиристегі жартастағы қабірден алтын тілді мумия табылды. Ғалымдардың пікірінше, алтын тіл қайтыс болған адамға кейінгі өмірде сөйлесуге көмектеседі деген түсінік болған. Болжам бойынша, 2000 жыл бұрын жерленген. Неге тіл алтыннан жасалған, қайтыс болған адам тірі күнінде сөйлеу кезінде қандай да бір қиындық көрді ма? Бұл әлі күнге дейін құпия болып қала береді. Лента.рудың жазуынша, Тапосирис Александриядан батысқа қарай 45 шақырым жерде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Оның атауы "Осиристің қабірі" дегенді білдіреді, римдіктер оны Taposiris Magna деп атайды.