Астана қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Астана қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. Кеше «сары» аймақта тұрған астана бүгін «қызыл» аймаққа қайта кірді. «Сары» аймақта Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа енді. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Бұған дейін бір тәулікте пневмониядан бес адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.