Азаматтардың жеке мәліметін бөгде біреуге сатқан полицейлер ұсталды

Азаматтардың жеке мәліметін бөгде біреуге сатқан полицейлер ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтты.

Алматы қалалық Полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, – деп жазады «Қазақпарат». Полицейлер өзара келісіп, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнеске айналдырған. Жеке мәліметтер үшінші тұлғаның қолына түсіп отырған. Арман Садановтың айтуынша, қылмыстық әрекетке Алматы қалалық Полиция департаментінің қызмет істеп жүрген 2 қызметкері мен бұрынғы 3 қызметкер, тағы бір азаматтың қатысы бар екені анықталған.

«Олардың тікелей бастығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Қызметімен  босатылған полицейлер де бар», – деді департамент бастығы.

Бұған дейін жол апатынан қайтыс болған адамдардың атынан несие алған полицейлер туралы жазған болатынбыз.