Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты осындай шектеу енгізілді.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту талабы – елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне де қолданылады.Сондай-ақ пойызбен жүк тасымалдау процесіне және трансшекаралық құрылыс жұмыстарына қатысушыларға аталған шектеу қойылмайды. Арнайы тізіммен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында таныса аласыздар.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, дипломаттар мен Үкімет қаулысымен шетелге баратын қызметкерлер арнайы тізіммен шекарадан өтуге құқылы.