Алматыда тойға барған 16 адам коронавирус жұқтырды

Алматыда тойға барған 16 адам коронавирус жұқтырды

Алматыда эпидемиологиялық зерттеулер қоғамдық орында коронавирус жұқтырудың 43,7% дейін көбейгенін жеткізді. Өйткені Алматыда коронавирус инфекциясының 22 898 жағдайы тіркелді. Оның 14 558-і – симптомды және 8340-ы – симптомсыз.

«Қаңтар айында КВИ-дің 3607 жағдайы тіркелді, ақпанның 7 күнінде – 770 жағдай. КВИ екінші толқынының даму динамикасы 28 қаңтарда құлдырай бастады. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақтан (4 күн болды – 25-29 қаңтар аралығында) «жасылға» (31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін) ауысуына әкелді», – деп хабарлады Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова. Эпидемиологтың айтуынша, 28 қаңтардан бастап Алматыда КВИ ауруы күнделікті 130-дан 122 жағдайға дейін, 29-31 қаңтар аралығында күніне 90-116, 1-7 ақпан аралығында 110-114 жағдайға дейін төмендеген. Бұл ретте қаңтар айының 4 аптасымен салыстырғанда қоғамдық орында жұқтырудың 5,1%, отбасыларда 2%-ға ұлғаюы анықталды. Отбасылық іс-шараларда (құдалық, кеш және басқалар) инфекцияның көбейгені байқалды – аптасына 16 жағдай (2,2%). Сондықтан эпидемиолог мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырды. Қаңтар айымен салыстырғанда жас ерекшеліктеріне қарай ауру деңгейі 20-39 жас аралығында 3% нашарлады.