«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады.
Кейбір аймақтарда жауын-шашын көп жауады. Солтүстікте қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі мүмкін.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді. Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, Түркістан облысы аумағында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.